Казак тiлi Русский язык English Главная
Сайт бойынша іздеу
Авторизация
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Парольді ұмыттыңыз ба?

Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару тәртібі

Әлеуметтік аударымдарды есептеу мерзімі және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесіне сәйкес анықталады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi.
Бұл ретте, әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.
Жұмыс берушінің қызметкерге кiрiстер түрiнде төленетiн шығыстарын есептеу, әскери қызметшілердiң, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы және өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлестерiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге кiрiс түрiнде төлейтiн шығыстарына қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрi - Салық кодексi) көзделген тәртiппен жүргiзіледi.
Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердiң, жеке меншiк нотариустар мен адвокаттардың шығыстарына қызметкерге ақшалай немесе заттай нысанда төленетін кiрiстер, оның iшiнде материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған кiрiсті қоса алғанда, сондай-ақ бiр жолғы төлемдерден (еңбекақы төлеу бөлiгiнде) алынған кiрiсi жатады.

Қорға міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн төлеуге жататын әлеуметтiк аударымдар:
2005 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 1,5 пайызы;
2006 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 2 пайызы;
2007 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнiң 3 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Қазақстан Республикасының салық заңына сәйкес арнайы салық режимi қолданылатын, жұмыспен өзін - өзi қамтыған адамдар үшін, олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi:
2005 жылдың 1 қаңтарынан - тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының 1,5 пайызын;
2006 жылдың 1 қаңтарынан - тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн ең төмен жалақының 2 пайызын;
2007 жылдың 1 қаңтарынан - тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының 3 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ жеке меншік нотариустар мен адвокаттар үшiн олардың алатын кiрiсi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Бұл ретте әлеуметтiк аударымдар есептеу үшiн ай сайынғы кiрiс ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.
Салық кодексінiң 144-бабының 1), 3), 10), 11), 15-17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және 316-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшаларымен белгіленген кiрiстерден Қорға әлеуметтiк аударымдар төленбейдi.
Осылайша жеке тұлғалардың мынадай табыстарынан әлеуметтік аударымдар төленбейді:

  • мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетін жәрдемақылар мен өтемақылар, атаулы әлеуметтік көмек;
  • жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды қайтару;
  • тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда;
  • экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғауға төленетiн төлемдер;
  • көрсетілген медициналық қызметке,бала туған кезде, жерлеу үшін берілетін төлемдер;
  • қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар;
  • қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;
  • дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;
  • ұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;
  • жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
  • жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;
  • берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;
  • он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;
  • өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;
  • жұмыс берушінің қызметін тоқтатқан немесе таратылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда, штат санының қысқаруында немесе әскери қызметке шақырылғанда берілетін өтемақылар;
  • пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін жұмыс берушінің қызметкерге беретін өтемақысы;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары Кейбір төлем түрлерінен басқа әлеуметтік салықты есептеу обьектісі мен әлеуметтік аударымдар обьектісінің арасында айырмашылық барына назар аударған жөн.

    9-кесте

    Салық кодексінің тармақтарымен белгіленген табысты шегергендегі әлеуметтік салық салу обьектісі Салық кодексінің тармақтарымен белгіленген табысты шегергендегі әлеуметтік аударымдарды есептеу обьектісі
    144-баптың тармақтары 144-баптың тармақтары
    1) 1)
    3) 3)
    6)
    8)
    10)10)
    11) 11)
    14)
    15) 15)
    16) 16)
    17) 17)
    23) 23)
    25) 25)
    26) 26)
    27) 27)
    28)
    29) 29)
    31)
    31-1) 31-1)
    32)
    33)
    34) 34)
    316-баптың 1-тармағының тармақшалары 316-баптың 1-тармағының тармақшалары
    1)
    2)
    3)
    4)4)
    5) 5)
    6) 6)
    7) 7)


    Осылайша әлеуметтік аударымдар табыстың мына түрлерінен ұсталады:
    • әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;
    • мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;
    • мемлекеттік бюджет есебінен төленетін біржолғы төлемдер
    • стипендия
    • қайырымдылық,демеушілік түрінде алынған мүліктердің құнынан
    • сақтандыру төлемдерінің сомаларынан,
    • мемлекеттен, үкіметтен гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер;
    • мемлекет және халықаралық ұйымдардан
    • Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;
    • спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар; еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);
    Әлеуметтiк аударымдар Қорға Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық (бұдан әрi - Орталық) арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн аударымдар жүргiзiлетiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қосып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізетін банктен немесе ұйымнан әлеуметтік аударым сомасының төлем тапсырмасының акцептін алған күн қолма-қол ақшасыз түрде жүргізілген әлеуметтік аударымдарды банкке төлеушінің әлеуметтік аударым төлеген күні деп есептеледі.
    Төлеушiлердiң әлеуметтiк аударымдарды банкке қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
    Әлеуметтiк аударымдарды аударуды төлеушілер әр ай үшiн бөлек жүзеге асырады.
    Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке адам бойынша: әлеуметтік жеке кодын (бұдан әрi - ӘЖК), тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған жылын; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн айы мен жылын қамтуы тиiс.
    № 5 Мектеп

    28.07.2005 жылғы № 1 төлем тапсырмасына әлеуметтік аударымдар аудару үшін тізім

    Жалпы сомасы:

    Бір мың жеті жүз отыз сегіз мың 00 тиын
    Директор
    Бас бухгалтер


    Егер тегi, аты, әкесiнің аты өзгерген болса, онда жеке тұлғаның ӘЖК алу үшiн тiркеу карточкасына толтырған бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты қатар көрсетіледi. Орталық әлеуметтiк аударымдардың есебiн олар үшiн аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ӘЖК базасында жүзеге асырады. Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
    Төлеушiнiң банкi әлеуметтiк төлемдердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы аударған жағдайда төлеушi банкке қағаз жеткiзгiштегi төлем тапсырмасының төртiншi данасын қосымша ұсынады, оны төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) филиалдарына жібередi.
    Төлеушілер берешектердi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен әрбiр ай үшін бөлек жүргізедi. Банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомасын Орталықтың шотына осы сома төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады.
    Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары төлеушiге мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн салық органына ұсыну туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жолдайды.
    Хабарламаның нысанын мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындауға салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлетті орган белгілейдi. Салық Комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы №289 бұйрығымен салық комитетіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың беретін тізімінің нысаны бекітілді.
    Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы ХАБАРЛАМА

    ӘЖК
    Т.А.Ә.
    Туған
    күні
    Сомасы
    1FE6RGKNJ8DMSXOOMИванов А.В.15.12.1980138
    2N758Y843EM8H7OO3Оспанов Н.И.20.08.1978700
    338NCFC4GSAJU8ROO4Сидоров Ж.А.21.01.1953900
    Жиынтығы:1738
    20 __ ж. "____" __________ № ____________
    "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан
    Республикасы Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы
    Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген
    әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесіне сәйкес, _________________
    (облыс, қала, аудан)
    ______________________________________ бойынша Салық комитеті Сізді
    _________________________________________________________(төлеушінің толық атауы
    _________________________________________________________________
  • немесе аты-жөні, СТН-і, мекен-жайы)
    200__ ж.___________ жағдай бойынша ________________________________
    ___________________________________________________________
    ___________________________________ мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік
    (санмен және жазбаша) сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегіңіз барлығы
    туралы хабардар етеді.
    Осыған орай, Сізге осы хабарламаны алған күннен бастап он бес
    жұмыс күні ішінде _________________________________________________
    (облыс, қала, аудан)
    ___________________ бойынша Салық комитетіне олар үшін әлеуметтік
    аударымдар аудару жүргізілетін міндетті әлеуметтік аударымдар
    жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсыну қажет.
    Банк шоттары болмаған жағдайда ______________________________
    (облыс, қала, аудан)
    _________________________________________ бойынша Салық комитеті
    төлеушінің қолма-қол ақшасынан өндіріп алады.
    Бұл ретте Сізге "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы"
    Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімақы есептеледі. Салық қызметі органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда Сізді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіз салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағым бере аласыз.
    Салық комитетінің Төрағасы
    ______________________________________________________________
    (аты-жөні, қолы, мөрі)
    Хабарламаны алды
    ______________________________________________________________
    (төлеушінің аты-жөні, қолы, мөрі, күні)
    Хабарлама төлеушіге табыс етілді
    ______________________________________________________________
    (салық қызметі органы лауазымды тұлғасының аты-жөні,
    қолы (мөрі), күні)
    Хабарлама төлеушіге жіберілді
    ______________________________________________________________
    (жіберу және алу фактісі туралы растаушы құжат)
    Салық органы төлеушiлерден міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн алған кезде әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешектi кейiннен Қорға аудару үшін көрсетiлген тiзiмдердi қоса бере отырып, төлеушiлердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер бередi.
    Төлеушiнiң банктік шотында теңгемен ақша болмаған жағдайда, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндiріп алу салық органдары теңгемен берген инкассалық өкімдер негізiнде төлеушінiң банктiк шоттарынан шетелдiк валютада жүргізіледі.
    Төлеушiнiң банктiк шоты болмаған жағдайда салық органы өндiрiп алуды қолма-қол ақшаға айналдырады.
    Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қолма-қол ақша есебінен өндiрiп алу салық органының төлеушiден бухгалтерлiк (кассалық) құжаттары бойынша көрсетілген қолма-қол ақшаны (оның iшiнде шетелдiк валютада) алуы танылады.
    Қолма-қол ақшаны алу мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындау үшiн салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкілеттi орган бекiткен нысан бойынша алу туралы актiмен ресiмделедi. Салық Комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы № 289 бұйрығымен әлеуметтiк аударымдар бойынша қарызды төлеу есебінен қолма-қол ақша алу туралы актінің нысаны белгіленді.
    Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу
    есебіне қолма-қол ақшаны алу туралы акті
    20 __ ж. "____" __________ № ____________
    "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан
    Республикасы Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы
    Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген
    әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесіне сәйкес, төлеушіде банк
    шотының болмауына байланысты ______________________________________
    (облыс, қала, аудан)
    ____________________________________________ бойынша Салық комитеті
    ___________________________________________________________________
    (салық органы лауазымды тұлғаларының аты-жөні, қызметтік куәлік №)
    ___________________________________________________________________
    200__ж. "___"__________ №______ әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
    қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарламаның
    негізінде, мынадай сомада:_________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
    (санмен және жазбаша көрсетіңіз)
    әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушінің қатысуымен
    ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
    (төлеушінің аты-жөні немесе толық атауы, СТН-і)

    әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне мынадай
    сомада: ___________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________
    (санмен және жазбаша)
    қолма-қол ақшаны алуды жүргізді, соның ішінд
    Әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің барлығы Әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің сомасы Өсімақы сомасы
    Осы алу актісіне салық органы алған қолма-қол ақша сомасының шегінде олардың пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі қоса беріледі.
    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіз салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағым бере аласыз.
    Салық органының лауазымды тұлғалары
    __________________________ ____________________________
    (лауазымы) (аты-жөні, қолы, күні)
    __________________________ ____________________________
    (лауазымы) (аты-жөні, қолы, күні)
    Төлеуші __________________________ ____________________________
    (лауазымы) (аты-жөні, қолы, күні)
    __________________________ ____________________________
    (лауазымы) (аты-жөні, қолы, күні)

    Бұл ретте төлеушi салық органына, салық органы алған қолма-қол ақша сомасының шегiнде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн ұсынады.
    Төлеушiден алынған қолма-қол ақша, оларды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, кейiннен Қорға аудару үшiн банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы сомасын төлеу үшiн "төлем нысанасы" жолында - "ай, жыл үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмақыны" көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімақы әрбiр ай үшiн MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен бөлек төленедi. Орталық өсiмақы сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.
    Төлеушiнің Қорға артық төлеген әлеуметтiк аударымдардың сомасын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банкiнің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлеушi банкiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.
    Қордың шотына артық аударылған:
    төлеушi немесе төлеушiнiң банкi бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет төлеген әлеуметтік аударымдар;
    MT-102 төлем тапсырмасы форматында, оның тiзiм бөлiгiндегi қатысушылардың сомасында қателер жiберiлген:
    жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кiрiске артық есептелген, алушылар қайтаруға жататын;
    мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар тізiмiндегi есептiк және механикалық қателер;
    жұмыс iстеп жүрген зейнеткерлер үшiн артық төленген әлеуметтік аударымдар қайтаруға жатады.
    Қатысушының кiрiсiне салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi.
    Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу стажына есепке алынған кезеңге есептелген, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.
    Қорға аударылған қате төлемдердi қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
    1) нысан бойынша артық төленген әлеуметтiк аударымдарды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi)
    Орталықтың құрылымдық (аудандық /қалалық) бөлiмшесiне бередi; "Мемлекеттік әлеуметтiк
    сақтандыру қоры" акционерлiк
    қоғамының басшысына
    Өтiнiш
    __________________________________________________________________
    (әлеуметтiк аударымдар төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы)
    "__" _____________ № _________________________ төлем тапсырмасымен
    ____________________________________________________________ атына
    (мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың
    Т.А.Ә., ӘЖК көрсетiлсiн)
    аударылған қате (артық) есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын
    қайтаруыңызды сұраймын, референс, жалпы сомасы ______, қайтару сомасы Кейiннен төлемдермен түзету енгізу
    ____________________________________________ __________________________________________________________________
    (қайтарым талап етiлетiн себеп көрсетiлсiн, мысалы, қызметкер
    жұмыстан босатылса, механикалық қате жiберiлсе, банк қате
    жiберсе және т.б.)
    салдарынан мүмкiн емес.
    Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
    __________________________________________________________________
    (кәсiпорынның толық деректерi, барлық банктік деректемелерi
    көрсетiледi)
    Қосымшалар: төлем тапсырмасының көшiрмесi, сомасы мен
    деректемелерiнде қате жiберілген, мiндеттi әлеуметтік сақтандыруға
    қатысушылар тiзiмiнің көшiрмесi, жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшiрмесi.
    Қолдар:
    Басшы
    Бас бухгалтер
    M.O.
    Ескерту: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады
    2) әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке анықтама-растама қоса беріледi;
    Анықтама - pacтама
    __________________________________________________________________
    (әлеуметтік аударымдар төлеушiнiң атауы)
    Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу кезiнде мiндеттi әлеуметтiк
    сақтандыру жүйесiне қатысушылардың (алушылардың) деректемелерiнде мынадай тапсырмаларда қателер жiберілгенiн растайды:
    Төлем тап- сырмасының № Төлем тап- сырмасының күні Төлем тап- сырмасының жалпы сомасыРеференсАлушының жеке сомасыТ.А.Ә.және туған күні (алушының дұрыс емес деректемелерi)
    ӘЖК ____________________________
    Т.А.Ә. _________________________
    Туған күні _____________________
    дұрыс деп есептелсін
    Бiрiншi басшы ______________ (Т.А.Ә.)
    (қолы)
    Бас бухгалтер ______________ (Т.А.Ә.)
    (қолы)
    Мөртаңба орны
    3) Орталық үш банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың есептелу фактісiн тексередi, осы төлем жөнiндегi барлық деректемелердiң растамасын қоса отырып, Қорға өтiнiш жiберіледi;
    Қор өтiнiшті өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн, ақшаны үш банктік күн iшiнде Орталықтың шотына аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Орталыққа жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Орталыққа жiбередi;
    Орталық Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады;
    төлеушi әлеуметтік аударымдар сомасын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Орталықтың бөлiмшелерi арқылы алады;
    Орталық қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады;
    Орталық артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды хабардар етедi;
    Орталық пен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмақыны, сондай-ақ Қордан қайтарымдарды аударуға салыстырып тексеру жүргiзіледi;
    Орталық күн сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне салық төлеушілердің тiркеу нөмiрлерi тұрғысынан өткен күн iшiнде келiп түскен тiзілiмдердi және қайтарылған қате есептелген әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн, сондай-ақ электрондық растауды ұсынады. Төлеушiге қызмет көрсететiн банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жiберген жағдайда, банк "Төлемдер және ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберілген қателердi түзету жөнiнде шаралар қабылдайды. Қор келіп түскен және қайтарылған артық аударылған әлеуметтік аударымдардың есебiн жүргiзедi.
    Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан (тұратын) жерi бойынша тiркеуiн ескере отырып, салық органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша есептердi ұсынады. Орталық күн сайын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн ұсынады.
    Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электронды немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
    Мәдениет, ақпарат және спорт Министрінің 2005 жылғы 18 маусымдағы №205 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік ұйымдар қызметіндегі қалыптасқан типтік құжаттардың Тізіміне сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша алғашқы құжаттардың сақталу мерзімі 75 жыл болып анықталған. Төлеушінің қызметі тоқтатылған жағдайда Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi. Заңның 13-бабына сәйкес төлеуші аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Орталықтан сұратуға және тегiн алуға құқылы.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 169-ө бұйрығымен әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Қорға аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекітілді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеуді жүзеге асыратын әлеуметтік аударымдар төлеушінің (бұдан әрі - төлеуші) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуға және тегін алуға құқығы бар. Төлеуші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты алу үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты алуға арналған тапсырысты толтырады және оны Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы ұсынады.
    Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған ,br> әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алуға
    өтінім
    Төлем тапсырысы- ның N Төлем тапсыры- сының күніТөлем тапсыры- сының сомасы Банк операциясы- ның референсі Кәсіпорын- ның СТН Кәсіпорын- ның атауы
    1 2 3 4 5 6
    Қолдары:
    Басшы ────────────────────────────────────────── Т.А.Ә.
    Бас бухгалтер ────────────────────────────────── Т.А.Ә.
    Мөр орны
    Төлеуші өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Орталық аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы төлеушіге жібереді.
    Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған
    әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат
    Төлем тапсыры- сының N Төлем тапсыры- сының күніТөлем тапсыры- сының сомасы Банк операция- сының референсіКәсіпорын- ның СТН Кәсіпорын- ның атауы Dbf. файл
    1 234 5 6 7
    Қолдары:
    ЗТМО бөлімшесінің басшысы ──────────────────────── Т.А.Ә.
    ЗТМО бөлімшесінің бас маманы ───────────────────── Т.А.Ә.
    Мөр орны
  • Егер тегi, аты, әкесiнің аты өзгерген болса, онда жеке тұлғаның ӘЖК алу үшiн тiркеу карточкасына толтырған бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты қатар көрсетіледi. Орталық әлеуметтiк аударымдардың есебiн олар үшiн аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ӘЖК базасында жүзеге асырады. Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. Төлеушiнiң банкi әлеуметтiк төлемдердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы аударған жағдайда төлеушi банкке қағаз жеткiзгiштегi төлем тапсырмасының төртiншi данасын қосымша ұсынады, оны төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) филиалдарына жібередi. Төлеушілер берешектердi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен әрбiр ай үшін бөлек жүргізедi. Банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомасын Орталықтың шотына осы сома төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары төлеушiге мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн салық органына ұсыну туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жолдайды. Хабарламаның нысанын мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындауға салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлетті орган белгілейдi. Салық Комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы №289 бұйрығымен салық комитетіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың беретін тізімінің нысаны бекітілді.