Казак тiлi Русский язык English Главная
Сайт бойынша іздеу
Авторизация
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Парольді ұмыттыңыз ба?

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

Халықаралық конференция

30 – қыркүйекте «Әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат» тақырыбына халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті




Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың бірі болып табылады.

Қор жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Берілген Қаулыға сәйкес Қордың акциялар пакетіне ие болу және қолдану құқы Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Қор коммерциялық ұйым емес.

Қордың миссиясы Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу.

Қор қызметінің негізгі мәні болып:
  • әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру;
  • әлеуметтік тәуекел туған жағдайда алушыларға әлеуметтік төлемдер жүргізу үшін «Зейнеақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа» (бұдан әрі – Орталық) уақытында қаржы аудару;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру.
  • Жылсайынғы аудит жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 25.04.2003 ж. № 405-ІІ Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) Қор мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасындағы жасалған шарт негізінде Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді.

    Қордың өз қаражаттары жарғылық капиталдан және активтерден алынатын комиссиялық сыйақыдан тұрады.

  • Әлеуметтік төлемді алушы
    Еңбек ету қабілетінен айрылу


    Егер медициналық-әлеуметтік сараптама Сізге еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа Сіз еңбек ету қабілетінен айрылуы бойыншаәлеуметтік төлемақы алуға құқылысыз. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойыншаәлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
    Асыраушысынан айрылу

    Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
    Жұмысынан айрылу

    Жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау, жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер сіз үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және Сіз жұмыссыз ретінде ресми тіркелсеңіз, Сіз жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылысыз.
    Жүктілігі және босануына

    Әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық
    табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.
      Нәресте күтімі үшін

    Бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек, ал әлеуметтік
    төлемнің ең кіші ері бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады.

    Соңғы жаңалықтары
    16.09.2011
    Көкшетау қаласында өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы

    16.09.2011
    Ақтөбе қаласында өткен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы

    16.09.2011
    Астана қаласында өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы