|
|
Сұрақ-жауап
Жазушы: Айдос
Дата публикации: 25.11.2008
Сұрақ:
Сәлематсыздарма. Қостанай обл Аманкелді ауданы Аманкелді ауданының ауруханасының есепшісі. Сұрақ: Ауруханада жұмыс істейтін медбике Жанетова Айгүл Даулет қызының әлеуметтік сақтандыру шотына артық ақша ауып кеткен. Біз Қостанай обл ГЦВП-ға бүкіл құжаттарды жинап 3-4 ай бұрын жибердік. Сол артық ақшаны қайтару үшін тағы не істеу керек? Осы сұраққа жауап беріңіздерші?
Жауап:
Төлеушінің (жұмыс берушінің) артық төлеген әлеуметтік аударымдар сомасын «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі-Қор) жұмыс берушінің өтініші негізінде қайтарады. Артық төленген әлеуметтік аударымды қайтару үшін өтінішті зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі - ЗТМО) береуіңіз керек. ЗТМО 3 банктік күн ішінде аударылған әлеуметтік аударымдарды тексереді. Онан соң сол төлем бойынша деректемелерді қосып Қорға жібереді. Қор өтінішті өңдеп төлем тапсырмасын жасайды, сонан соң 3 банктік күн ішінде ЗТМО шотына ақша аударуды жүргізеді. Қайтаруға жатпайтын сома бойынша Қор ЗТМО-ға қайтарылмау себебін көрсетіп шешім жібереді. Бұл ретте өтініш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21. 06. 2004 ж. №683 қаулысында көрсетілген өтініш түрінде толтырылуы қажет.
|
|
| |