Казак тiлi Русский язык English Главная
Сайт бойынша іздеу
Авторизация
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Парольді ұмыттыңыз ба?

Фонд туралы толықтау

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.

2004 жылдың 21 сәуірінде Қор заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу туралы куәлік №16157-1901-АО). 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-беру Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне берілді. Жарғылық капиталы 45 950 000 теңге болғанда акция шығару көлемі номиналды құны 1 000 (бір мың) 45 950 мың теңгені құрайды.Шығарылған акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды KZ1С51240014, шығу формасы құжатсыз. Акция шығару толықтай төленген, Қорда орналастырылмаған акция жоқ.

Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады.


Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады. Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері әлеуметтік сақтандыру туралы Заңмен белгіленген шектеулері ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 Заңымен белгіленеді.

Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады. Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қор Жарғысына жататын жалғыз акционердің ерекше құзырларынан басқа Қор қызметіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады.

Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүргізетін Қор Президенті атқарушы орган болып табылады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.
Қор әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізеді.



Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қордың негізгі қызметтерi:
  • әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асырады;
  • мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік аударымдарды жинап, әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізеді
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді
Қордың
  • мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
  • бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
  • Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
  • қаржы қозғалысы туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан ақпарат алуға;
  • мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
Қор:
  • Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
  • Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
  • Жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
  • Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
Қор:
  • Қор активтерiн кепiлге беруге;
  • кәсiпкерлiкпен және Заңмен көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.