Казак тiлi Русский язык English Главная
Сайт бойынша іздеу
Авторизация
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Парольді ұмыттыңыз ба?

Конференция ұсынысының жобасы

Жоба
(2010 жылды
ң 28 мамырына)


«Әлемдік дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік қамсыздандыру: Заман талабына ұлттық көзқарас» тақырыбына өткен халықаралық конференцияның ҰСЫНЫСТАРЫ

 

2010 жылдың 9 маусымы                                                                 Астана қаласы

 

Еуразия құрлығы мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен өткен конференция әлемдік дағдарыс жағдайында халықты әлеуметтік қолдаудың тиімді шараларының ерекше маңыздылығын атап көрсетті.

            Халықты әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаты оларды зейнеткерлікке шыққаннан кейін кепілдендірілген табыспен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге ауру, мүгедектік, жұмыссыздық және басқа да әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда  әлеуметтік қорғауды қамту болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру кешенді шараларды қолдана отырып, күтпеген жағдайлардың туындауының алдын алу немесе олардың туындауын ұзарту сияқты адам өміріндегі салауатты өмір салтын қамтуы қажет. Қатысушылардың басты назарында әлеуметтік сақтандыру саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобын қолдауды жақсарту қажеттігі жөніндегі мәселелер болды.

Конференцияға қатысушылар мынадай мәселелерді атап өтті:

1.       Қаржы дағдарысы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі көптеген бағдарламалардың қаржылық жағдайын әлсіретті. Алайда ол сонымен бірге экономикалық құлдыраумен күрестің саяси құралына тең болатын табысты алмастыру тетігі ретінде әлеуметтік қорғау жүйесі рөлінің қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Жұмыссыздықтың өсуінен табыстың төмендеуіне, кедейшілік деңгейімен күресуге байланысты   әр ел өзінше қызметтер көрсету мен жәрдемақылар мәселелерінде әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастырудың әр түрлі маңызды функционалдық мүмкіндіктерін  қолдануда.  Жаңа жұмыс орындарын құруға сұраныс пен қолдауды ынталандыруды  күшейтуден басқа, саясатшылар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жеке және отбасылық табыстарды қолдаудың мықты құралы болып табылатынын мойындайды. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері жекелеген адам үшін де және тұтастай қоғам мен экономика үшін де өзінің басты рөл атқаратынын айғақтады. Олар мемлекеттің жалпы дағдарысқа қарсы әрекеттерінің маңызды бөлігі болды.

2.       Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары өзін сұраныстың жиынтығын ынталандыру есебінен экономиканың дамуына әсерін тигізетіндіктен және жекелеген халықтың әлсіз бөлігін қорғаудың белгілі бір деңгейін көрсете отырып әлеуметтік тұтастыққа кепілдік беретіндіктен дағдарыстан шығудың маңызды ұлттық стратегиясы ретінде  көрсете білді.

Қаржылық мүмкіндіктерді әлсіреткен қаржылық шығындар әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі   және жекелеген зейнеттік бағдарламалар ретінде, әлеуметтік кепілдіктердің базалық жүйесін қамтамасыз ету үшін жаңа тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Жеке зейнетақы жүйелері мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйелері жұмыс жасайтын және басқаратын, әсіресе  олардың инвестиция саласындағы қолданатын   ережелерін қайта қарау қажеттілігі туындайды.   Сонымен қатар жекелеген зейнеттік бағдарламалардың салымшыларды қаржы рыногындағы тікелей тәуекелдерге ұшырамайтындай етіп құрылуы өте  маңызды.

3.       Мемлекет ұлттық деңгейде халықты әлеуметтік қолдаудың әр түрлі шараларын қабылдайды. Қаржылық тұрғыда аса бай кейбір елдер салықтың бір бөлігін әлеуметтік көмекке жұмсай отырып, қаржылық ынталандыру мүмкіндіктеріне ие. Осылайша, халықтың әлсіз топтарын қорғауда және жалпыға бірдей әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде тәуекелдерді төмендете отырып, мемлекет басты рөлді атқарады. Қазақстанда экономикалық дағдарысқа қарамастан, мемлекет әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруда азаматтардың алдындағы өзіне алған міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыру бойынша жоспарланған барлық шаралар толық көлемде орындалуда.

4.       Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты шарттарының бірі халықты жұмыспен қамту стратегиясы болып отыр. Қазақстанда дағдарыстан шығудың маңызды құралдарының бірі «Жол картасын» жүзеге асыру аясында еңбек табыстарын алу мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Елдің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін инновациялық және ерекше жобаларды жүзеге асыру барысында жұмыс орындарын ашуға байланысты экономиканы одан әрі модернизациялау көзделіп отыр.

5.       Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін еліміздің әлеуметтік саласындағы маңызды институты ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте төленген сақтандыру жарналарына бара-бар әлеуметтік төлемдерді жүргізуде әлеуметтік әділеттілік принципін сақтаған дұрыс.

6.       Жұмыс күші санының азайюынан, зейнеткерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға шығындардың ауыртпалығын үлкейтудің әлеуметтік және экономикалық  салдарларына аса көңіл аудару қажет. Соған байланысты жинақтаушы және актуарлық  сақтандыруды қоса алғанда зейнетақымен қамсыздандыруда актуарлық есептеу бүгінгі күні өткір мәселелердің бірі болып отыр.

7.       Өндірістегі жазатайым оқиғалардан  қызметкерлердің сақтандырылуын арттырып, өзінің қызметкерлерін сақтандыруда заңдық нормаларды орындау барасында  жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды күшейту қажет.

8.       Халықты әлеуметтік қорғауды реформалаудың нәтижелілігі көбіне халықтың ақпараттандырылу деңгейімен анықталады.

9.       Зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мақсатында шет елге кететін (трансграничность) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорларынан (ЖЗҚ) бір реттік төлемдер жүргізуге тиым белгілеу қажет және ол мыналарды қамтуы керек:

а) мұндай салымшыларға зейнеттік жасқа жеткен кезде ғана ЖЗҚ төлем төлеу;

б) салымшы кеткен елдің сол сияқты институтына зейнетақы жинағын аудару.

10.    Зейнетақы жүйесін дамыту тетіктерінің бірі зейнетақы жинақтарын алудың жаңа түріне қатысты  – зейнетақы аннуитеті болып табылады.

Зейнетақы аннуитеттерін дамыту мақсатында:

а) қызметкер аннуитет шартын жасағанда жұмыс берушілердің қысымын жою қажет;

б) активтерді басқарудың тиімділігі үшін ЖЗҚ  жауапкершілігін салымшы аса тиімді аннуитет сатып алатын мүмкіндігі болатындай (индексациямен) не ЖЗҚ кесте бойынша ұзақ уақыт бойы төлем алатындай (комиссиялық сыйақы көлемін төмендету есебінен және/немесе таргетирование есебінен) етіп арттыру  қажет.

в) аннуитетті дамыту үшін зейнеттік аннуитет шарты бойынша ЖЗҚ және табысты алмастыру коэффициенті есебінен паушалды төлемге жатқызылып өмірді сақтандыру компанияларының төлемдер мөлшері бойынша балансталмағанға дейін өмірді сақтандыру компаниясынан паушалды төлем жүргізу керек.

            Осыған байланысты тұрақты негізде әлеуметтік әріптестермен (мемлекет, бизнес, кәсіподақтар) бірігіп әлеуметтік саланың мемлекеттік органдары құрылымдық бөлімшелері арқылы, оның ішінде зейнеттік және міндетті әлеуметтік сақтандыру институттарының бөлімшелері арқылы Қазақстанның барлық өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

            Адамның лайықты өмір деңгейі – бұл оның белсенді өміріндегі адамның өзі мен мемлекеттің біріккен қамқорлығы.